Коммунальное государственное учреждения "Школа-лицей Кенес Нурпейисұлы с дошкольным миницентром" государственного учреждения "Отдел образования по Кегенскому району Управления образования Алматинской области
Официальный интернет-ресурс

Мектеп тарихы

Кеңес Нұрпейісұлы атындағы мектеп-лицейінің тарихы

Өскелең ұрпақты қай кезеңде болсын білім нәрімен сусындатып, жан-жақты тәлім-тәрбие беруде киелі орта – мектептің, ондағы ұстаздар ұжымының еңбегі қашанда зор.
Жетісу өңірінің табиғаты сұлу өлкесі – Райымбек ауданы орталығындағы кең селосындағы №3 Кеген орта мектебі – оң мыңдаған білім мен тағылым нәрін берген қасиетті білім ордаларының бірі. Кеген селосының солтүстік-шығыс бөлігінен орын тепкен Қызылту орта мектебінің есігі салтанатты түрде 1987 жылдың қыркүйегінде ашылды. Көп ұзамай ауыл балалары үшін алтын ұяға айналған бұл білім ордасы алғашқы жылдарынан-ақ қоғамдық-саяси дамудың жарқын жолына түсті. Жобалық қуаты 624 оқушыға арналған бұл мектеп аудан халқының білімге деген сұранысын қамтамасыз етті.

Еліміз егемендік алып, қоғамымыздың жаңаруына байланысты мектептің атауы да өзгеріске ұшырады. 1997 жылдан бастап бұрынғы атауы өзгертіліп, «№3 Кеген орта мектебі» болып аталып келеді. Осы орайда буыны бекімеген білім шаңырағында оқу-тәрбие жұмысын жолға қоюда ерекше ұйымдастырушылық қабілет-қарымдарымен көріне білген тұңғыш директор Әбділда Әнәпияев. Білім шаңырағының өсіп өркендеуіне, ұстаздар ұжымының шығармашылықпен еңбек етулеріне ұйытқы бола білген әр жылдардағы мектеп директорларының еңбегі орасан, атап айтқанда:


1989–1990 жылдары – Серғазиев Асқар,
1991–1992 жылдары – Аубакирова Гүлшат,
1992–1994 жылдары – Жұмаханов Қайыпбек,
1994–2001 жылдары – Таударбекова Рысалды,
2001–2008 жылдары – Даулетшин Бектұрсын,
2008–2014 жылдары – Көнеева Бақытгүл Демежанқызы,
2014–2019 жылдары – Арипова Гүлнара Рауанқызы,
2019–2021 жылдары – Кишибаева Бақытгүл Тұмарханқызы мектепті басқарды.

     2019 жылдың тамыз айынан бастап білім беру мекемесіне мектеп-лицей мәртебесі берілді.
    2021 жылдан бастап оқу орнына Кеңес Нұрпейісұлының есімі беріліп, ресми түрде «Кеңес Нұрпейісұлы атындағы мектеп-лицей» деп аталды.

   2022 жылдың мамыр айынан бастап мектеп-лицей директоры қызметіне Сүйербаева Жазира Еділқызы тағайындалды. Басшылықтың жаңа кезеңінде мектепте инновациялық әдістер енгізіліп, білім сапасын арттыру, оқушылардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінде мектеп-лицей — Кеген ауданының білім беру саласындағы жетекші оқу орындарының бірі. Педагогикалық ұжымның кәсіби біліктілігі мен ұйымдастырушылық тәжірибесінің арқасында мектеп түлектері жоғары білім алып, ел дамуына өз үлестерін қосып келеді.  Қазіргі таңда мектепте 59 мұғалім қызмет атқарады. Оның ішінде:

  • 55 педагог – жоғары білімді,
  • 4 педагог – арнаулы орта білімді.

Педагогтердің сапалық құрамы:

  • 7 педагог-зерттеуші,
  • 18 педагог-сарапшы,
  • 17 педагог-модератор,
  • 17 санаты жоқ мұғалім.

Педагогтердің жалпы сапалық көрсеткіші 42 пайызды құрайды.

Мектеп ұжымы білім алушылардың зияткерлік, шығармашылық және тұлғалық дамуына бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Оқу-тәрбие үдерісінде инновациялық әдістер кеңінен қолданылып, оқушылардың білім сапасын арттыруға ерекше мән берілуде.

Бүгінгі таңда К. Нұрпейісұлы атындағы мектеп-лицейі – ұлттық құндылықтарды дәріптейтін, заманауи білім беруді жүзеге асыратын, бәсекеге қабілетті түлек тәрбиелейтін іргелі білім ордасы.