2026–2027 оқу жылының басталуына арналған «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиыны мектебімізде ерекше көңіл-күймен өтті.
Салтанатты шараға мектеп ұстаздары, оқушылар, ата-аналар және мектеп қонақтары қатысты. Жиын барысында білім әлеміне алғаш қадам басқан 1-сынып оқушыларына ақ жол тілектері айтылып, жаңа оқу жылына сәттілік пен толағай жетістіктер тілегін білдірді.
Мерекелік шарада мектеп директоры мен ұстаздар қауымы оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, білім алуда табандылық, ізденіс және жоғары жетістіктер тіледі.
🔔 Алғашқы қоңырау үні жаңа оқу жылына бастау беріп, мектеп қабырғасында білімге құштарлық пен жаңа белестерге ұмтылыстың символына айналды.
Барша оқушыларға жаңа оқу жылында сәттілік, жақсы бағалар, жаңа білім мен жарқын жеңістер тілейміз!
Жаңа оқу жылы құтты болсын! 📚✨





