Кеңес Нұрпейісұлы атындағы мектеп-лицейінде 22 сәуір күні «Ауыл мектебіндегі заманауи цифрлық білім мен тәрбие құндылықтарындағы жаңа серпін» тақырыбында облыстық семинар өтті.Семинар барысында цифрлық білім беру мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, оқушылардың білім сапасын арттыру, сондай-ақ ар-ұждан, жауапкершілік сияқты тәрбие құндылықтарын қалыптастыру жолдары талқыланды.
💻 Қатысушылар тәжірибе алмасып, заманауи әдіс-тәсілдермен бөлісті
📊 Функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған жұмыстар ұсынылды
🤝 Тәрбие мен білімнің үйлесімділігіне ерекше назар аударылды
Осындай игі бастамалар ауыл мектебіндегі білім сапасын жаңа деңгейге көтеруге серпін береді. #kegen_audany_bilim_bolymy





