Қамқоршылық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру туралы
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қоғам белсенділері мен ауыл тұрғындары!
«Кеңес Нұрпейісұлы атындағы мектеп-лицей мектепке дейінгі шағын орталығымен және Түменбай бастауыш мектебімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңына және Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оның құрамы туралы үлгілік ережеге» сәйкес, Қамқоршылық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру бойынша үміткерлерді қабылдауды бастайды.
Қамқоршылық кеңестің мақсаты – мектептің дамуына, ашықтығына, білім беру сапасын арттыруға және материалдық-техникалық базасын нығайтуға қоғамдық қолдау көрсету.
Кеңес құрамына мүше бола алады:
- Ата-аналар (заңды өкілдер);
- Қоғамдық бірлестік және ұйым өкілдері;
- Жергілікті қоғамдастық мүшелері;
- Кәсіпкерлер мен меценаттар;
- Білім саласына бейжай қарамайтын белсенді азаматтар.
Қажетті құжаттар:
- Өтініш (еркін түрде жазылады);
- Қысқаша өмірбаян (резюме);
- Байланыс мәліметтері (телефон, электронды пошта).
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылдың 8 -18 қыркүйек аралығы
Құжат қабылдау орны: Алматы облысы, Кеген ауданы, Кеген ауылы, Б.Момышұлы көшесі, №13
Электрондық пошта:
Байланыс телефоны: +77028216376, +77770876237
Барлық мүдделі азаматтарды мектеп өміріне белсене араласуға, оқушыларымыздың жарқын болашағына бірге үлес қосуға шақырамыз!
Ізгі ниетпен,
Мекеме әкімшілігі
5 қыркүйек 2025 жыл





