«Алматы облысы білім басқармасының Кеген ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Кенес Нұрпейісұлы атындағы мектеп-лицей мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

«Мұқағали - мәңгілік ғұмыр» атты әдеби кеш

Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай мектепте ақиық ақынның шығармашылығын насихаттау мақсатында «Мұқағали - мәңгілік ғұмыр» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Шара барысында оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, өмірі мен шығармашылығы туралы тағылымды деректермен бөлісті. Сонымен қатар, Мұқағали әндері шырқалып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Әдеби кештің негізгі мақсаты – жас ұрпаққа ақын мұрасын таныту, поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру және рухани құндылықтарды дәріптеу. Кеш жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады